Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Қытай экономикалық даму жағынан АҚШ-ты басып озды

AstanaTV
10.10.2014ж. 10:00
1342
Қытай экономикалық даму жағынан АҚШ-ты басып озды

Қытай экономикалық даму жағынан АҚШ-ты ығыстырып, әлемде бірінші орынға шығып кетті. Әзірге бұл тек сатып алу қабілетінің паритеті бойынша есептелген көрсеткіш. Бұл туралы Financial Times газеті хабарлады.

Қытайдың сатып алу қабілетінің паритеті бойынша ІЖӨ көрсеткіші 17,6 трлн болса, АҚШ бұл өсім бойынша 2 трлн-ға артта қалған. Осылайша, 2014 жылдың қорытындысы бойынша Қытай ресми түрде әлем экономикасының күріш басшысына айналады деген болжам жасалуда.

Ал 2020 жылға қарай ІЖӨ өсімі жағынан Құрама Штаттардан 20 пайызға алға шығуы да ықтимал.

Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ