Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Ақтөбеде республикалық жанұялық дәрігерлер одағының құрылтайы өтуде

AstanaTV
10.10.2014ж. 10:00
1104
Ақтөбеде республикалық жанұялық дәрігерлер одағының құрылтайы өтуде

Әлемде кең тараған отбасылық дәрігер тәжірибесіне біздің елде әлі де болса сенімсіздік басым. Мамандар мұны білім беру әдісіне байланысты дейді.

Ақтөбеде республикалық жанұялық дәрігерлер одағының құрылтайы өтуде. Бұрын балалар мен ересектердің дәрігері өз алдына болса, енді ақ халаттылар жанұяның барлық мүшелеріне кәсіби көмек көрсете білуі керек. Бұл мақсатта елімізде алғашқы қадамдар осыдан 15 жыл бұрын жасалған еді. Отбасылық дәрігерлік бойынша білім алған жас мамандар, дәстүрлі оқу орнынан соң 4 ай қосымша білім алады.

Аталған құрылтай елімізде екінші рет өткізіліп отыр. Дәрігерлер ел аумағында қан айналым жүйесінің, құрт ауруларының саны азайғанын айтады. Бұл мәселеде отбасылық дәрігерлердің еңбегін жоғары бағалауға болады, деді жиынға қатысушылар. 

Асқар Чукмаитов, Вирджиния университетінің PhD профессоры:

Менің ойымша, Қазақстанда жанұялық медицинаның іргетасы нық қаланды. Әрине, әлі де болса жан-жақты қолдау көрсету керек. Мысалы, Америкада негізгі көмекті стационарлық түрде көрсетеді. Дерті меңдіп кеткен азаматқа қажетті ота да жасалады. Бірақ, жанұялық дәрігерлер аурудың асқынбауын бақылайды. Алдын алып, созылмалы дерттің болмауына септігін тигізеді.

Мансұр ЕСҚОЖИН