Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Саяси партиялардың өкілдері Мәжіліс депутаттарының ұсынысын қолдайды

AstanaTV
14.01.2016ж. 20:00
1459
Саяси партиялардың өкілдері Мәжіліс депутаттарының ұсынысын қолдайды

Мәжілістің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату жөніндегі бастама дер кезінде көтерілді. Еліміздегі саяси партиялардың жетекшілері осындай пікірде. Айтуларынша, бұл қадам бес институционалды реформаларды тиімді іске асыру үшін аса қажет. Әрі жаңа құрамдағы Парламент елімізді дағдарыстан алып шығу жолында тиісті заңнамалық нормаларды қамтамасыз етеді деген сенімде.

Төлеген Қуанышев,  «Бірлік» саяси партиясы төрағасының орынбасары: 

Бүгін, міне, сындарлы сәт туып отыр. Еліміздің алдында жаңа міндеттер тұр. Біздің мақсаттарымыз белгіленген, іс-қимылдарымыздың алгоритімін құруымыз қажет деп есептейміз.

Әли Бектаев, «Ауыл» партиясының төрағасы:

Бұл дағдарыстан шығуға арналған шара. Бағытталған жұмыстарымызды нақты жүргізу үшін, бізге шынында да халықтың жаңа сенім мандаты керек.

Тұрғын Сыздықов, ҚКХП ОК хатшысы:

Әрбір жағдайдың өзінің уақыты болады. Дағдарыс уақытында бүгін мұны жасамасақ, ертең қиыншылықтар туады.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА