Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

«Атамекен» ҰКП Мәжіліс сайлауын мерзімінен бұрын өткізу бастамасын қолдайды

AstanaTV
14.01.2016ж. 20:00
1255
«Атамекен» ҰКП Мәжіліс сайлауын мерзімінен бұрын өткізу бастамасын қолдайды

Мәжілістің жаңа құрамы жасақталса, «100 нақты қадам» ұлт жоспарын жүзеге асыру жеделдейтін болады. «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте осылай деді.

Мәжіліс сайлауын мерзімінен бұрын өткізу жөніндегі бастаманы еліміздегі кәсіпкерлер қауымының да қолдайтынын жеткізді. Абылай Мырзахметовтің ойынша, бұл шараның «100 нақты қадамды» қысқа мерзімде іске қосуға ықпалы зор болмақ. Ал жоспарлар неғұрлым ертерек жүзеге асса, соғұрлым елдің әл-ауқаты жақсара түспек. «Өйткені  ұлт жоспарындағы қадамдардың тең жартысы экономика мен кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған», - деп атап өтті Абылай Мырзахметов.

Абылай Мырзахметов, «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы:

Осы жылдан бастап ұлттық жоспар енгізілуі керек. Нақты жұмыстар атқарылуы керек. Сондықтан осындай үлкен шараның алдында Мәжіліс депутаттарының жаңа Мәжіліске сайлансын немесе осы қазіргі партиялар сайлауға түсіп, елдің ой-пікірін біліп, мандатын алу керек деген, меніңше, өте жақсы бастама.

Айгүл ӘДЕПБАЙ