$485.11 €523.82 ₽5.02
×

Павлодар облысының бұрынғы басшысы Ерлан Арын 11 қарашаға дейін қамауда қалады

AstanaTV
17.10.2014ж. 20:00
1101
Павлодар облысының бұрынғы басшысы Ерлан Арын 11 қарашаға дейін қамауда қалады

Павлодар облысының бұрынғы басшысы Ерлан Арын 11 қарашаға дейін қамауда қалады. Бұл ақпарды арна тілшілеріне облыстық соттың баспасөз хатшысы Рауан Бейілғожин телефон арқылы растады. Экс-шенеуніктің қорғаушыларының айтуынша, тергеу изоляторындағы жағдайдың сын көтермеуінен, соңғы кезде Ерлан Арынның денсаулығы сыр бере бастаған.

Борис Гаврилюк, Павлодар облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментінің бөлім басшысы:

Тергеу изоляторында қамауға алынғандардың барлығына бірдей жағдай жасалған. Олардың тамақтануы, медициналық қызметі және ем-доммен қамтылуы да біркелкі. Ол жерде ерекше көңіл бөлу деген болмайды. Тергеліп жатқан бұл азамат та солардың қатарында.

Облыстық прокуратура Ерлан Арын және атышулы қылмыстық іске қатысты тұлғалардың ісін мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы агенттікке қайта тергеуге қайтарған. Бұған «тергеудің жан-жақты, әрі толық жүргізілмегендігі» негіз болған.

Айта кетейік, бұрынғы әкімді үстіміздегі жылдың 4 наурызында қаржы полициясы қызметкерлері қамауға алды. Тергеу материалдары бойынша, облыс әкімдігі және «ENRC Kazakhstan»серіктестігі арасындағы меморандум негізінде Павлодарды абанттандыру үшін бөлінген 23 млн теңге демеуші қаржысы айыпкердің қалтасына түскен. Сондай-ақ, ол мемлекеттік сатып алу байқауына қатысушы құрылыс фирмасы өкілдерінен пара алғаны үшін айыпталып отыр.

Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ