$485.11 €523.82 ₽5.02
×

Оңтүстікте жауын-шашынға байланысты мақта науқаны тежелуде

AstanaTV
04.11.2014ж. 10:00
1520
Оңтүстікте жауын-шашынға байланысты мақта науқаны тежелуде

Ауа райының қолайсыздығы ОҚО-ның аграрийлері үшін де қиындық туғызып отыр. Өңірде биылғы жаз бен күз мезгілі жауын-шашынды болды. Салдарынан мақта жинау науқаны тежелген. Қазір аймақта 200 мың тоннаның шамасында ғана ақ алтын жиналды. Бұл белгіленген меженің 70 пайызы ғана. Биыл мақталы өңірдің шаруалары 300 мың тоннадан астам өнім жинауды жоспарлаған. Бірақ ауа райы кедергі келтіріп тұр. Бұл туралы өңірлік ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы хабарлады.

Айта өтейік, биылғы жылы мақтаның келісі 80 теңгеден қабылданып жатыр. Бұған дейін 75 теңге болатын. «Бірақ бағаның көтерілуі де шығынның орнын толтырмауы мүмкін», - дейді мақташылар.

Илхам ИБРАГИМ