Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Елордада «Ырыс алды - ынтымақ» тақырыбы аясында дөңгелек үстел өтті

AstanaTV
06.11.2014ж. 20:00
1469
Елордада «Ырыс алды - ынтымақ» тақырыбы аясында дөңгелек үстел өтті

«Ырыс алды - ынтымақ»! Елордада Астана қалалық әкімдігі ішкі саясат басқармасы мен қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының бастамасымен осындай тақырып аясында дөңгелек үстел өтті. Жиынға Отан соғысы мен еңбек ардагерлері, 24 этномәдени орталықтың өкілдері, бірқатар мемлекеттік орган қызметкерлері мен жастар  қатысты.

Басты мәселе ретінде көпұлтты елімізде татулық пен бірлікті сақтай білудің маңыздылығы қаралды. Сондай-ақ,  келесі жылы атап өтілетін ауқымды мерекелерге әзірлік жайы да назардан тыс қалмады. Алдағы жылы қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толмақ. Жеңістің 70 жылдығы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдық мерейтойы тағы бар. Осы орайда тарихшылар мен ғалымдар өз баяндамасында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Ұлытау  төрінде берген сұхбатынан үзінді келтірді. Қатысушылар осындай жиындар жиі ұйымдастырылса дейді.

Амангелді Сыздықов, Астана қаласы ардагерлер кеңесінің төрағасы:

Ел президенті айтпақшы, татулық болмай, біздің мемлекетімізде ешқандай жеңіс те, нәтиже де болмайды. Біздің  көздеген ойымыз осы. Адамдардың араларында, ұлттардың алдарында татулық, бір-бірінің араларында түсіністік.

Шавкат Исмаилов, «Қырғызстан-Астана» қоғамдық бірлестігінің өкілі:

Бүгін біз татулық пен бірлікті сақтау аясында пікір алмастық. Сонымен бірге келесі жылы Халық Ассамблеясының 20 жылдығы. Осыған орай мерекелеу жоспарын бекіттік. Осы уақыт аралығында қандай жұмыс жасағанымызды да сөз еттік. Жалпы біз де Ассамблеяға көп үлес қостық. Бірақ ойда әлі талай жоспар бар. Соны жүзеге асыру үшін, аянбайтын боламыз.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА