Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Солтүстіктегі элеваторлардың астығы оңтүстік пен батыстағы қоймаларға жөнелтіледі

AstanaTV
11.11.2014ж. 20:00
921
Солтүстіктегі элеваторлардың астығы оңтүстік пен батыстағы қоймаларға жөнелтіледі

Күн райының күрт өзгеруі қостанайлық диқандарды тағы  қолайсыз жағдайға қалдырды. Салдарынан астықты алқаптың 310 мың гектары әлі орылмай жатыр. Қазіргі таңда өңірде өнімнің 93 пайызы жиналды. Облыстағы Федоров, Қарабалық аудандары  орақты аяқтауға жақын.

Алайда күн райының күрт жылынуы астық жинаушыларға кедергі келтіріп, комбайндар қайтадан қаңтарылып тұр. Әсіресе Ұзынкөл, Сарыкөл аудандарында жағдай күрделі. «Сондай-ақ солтүстік  аудандардағы  алты элеватор уақытша астық қабылдауды тоқтатуға мәжбүр болды», - дейді ауыл шаруашылық басқармасының өкілдері. Өйткені ылғалдылығы жоғары өнімнің басым бөлігі осы қамбаларға құйылған. Аймақ басшылары енді бидай облыстың оңтүстігіндегі  элеваторларға тасымалдау мәселесін қарастырып жатыр.

Сәлімжан Есенаманов, Қостанай облыстық ауыл шаруашылық  басқармасының бөлім жетекшісі:

Облыста 39 лицензиясы  бар элеватор жұмыс істейді. Соның солтүстіктегі бес-алтауы астық қабылдауды уақытша тоқтатты. Себебі шикі астықтың басым бөлігі осы қамбаларға жеткізілді. Олардың кейбіреуі екі-үш күн, келесілері бір апта бойы астық қабылдамауы мүмкін. 

Заңғар САНАЙ