Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің бұрынғы басшысы Марат Оспановтың ісі бойынша сот процесі басталды

AstanaTV
11.11.2014ж. 20:00
1298
Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің бұрынғы басшысы Марат Оспановтың ісі бойынша сот процесі басталды

Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің бұрынғы басшысы Марат Оспановтың ісі бойынша сот процесі басталды. Аса ірі көлемде пара алды деген айыппен сот алдына тартылған кезекті экс-шенеунік кінәсын мойындамай отыр. Оған антимонополиялық агенттікті басқара тұрып, «Атырау-Жылу» акционерлік қоғамының өкілі Арман Ақтайдың электр қуатының құнын өсіру өтінішін орындағаны үшін, 300 мың доллар көлемінде пара алды деген айып тағылып отыр.

Оспанов совершил преступление, предусматривающийся статьей 311, частью 5 УК РК, получение должностным лицом взятки в виде взятки в особо крупном размере, способствовавший действием в пользу взяткодателя и предоставляемых ими лиц путем вымогательства в особо крупном размере.

Тергеу материалы бойынша, Агенттік төрағасы энергетикалық компанияның электр құнын киловатт сағатына 4 теңге 22 тиыннан 4 теңге 76 тиынға көтеруіне тиісті нұсқаулық бергені үшін, үстіміздегі жылдың 5 маусымында кәсіпкер Арман Ақтайдан параның бір бөлігі ретінде 100 мың доллар қаражат алыпты. Келісілген соманың қалған бөлігін беруге асықпаған кәсіпкерге экс-төраға қысым көрсетіп, тіпті жоғарылатылған тариф көрсеткішін қайта төмендетуге де барған көрінеді. Осылайша, 14 маусымда кәсіпкер Ақтай ақыры Оспановтың сенімді өкіліне қалған 200 мың долларды тапсырады. Алынған қаражаттан экс-төраға көмекшісі Ергешевке курьерлік қызметі үшін аталған сомадан 4 мың долларды өз қалтасына басуына жомарттық танытса керек.

Встретившись с Ергешевым, Оспанов поручил ему, чтобы тот передал 196 тысячи долларов своему доверенному лицу, Абишеву. При этом он распорядился, чтобы из указанной суммы Ергешев оставил себе 4 тысячи долларов США.

Айта кетейік, іс бойынша Марат Оспановпен қатар пара беруші ретінде кәсіпкер Арман Ақтай да сотқа тартылып отыр. Бүгінгі сот отырысы барысында 7 куәгерден жауап алынды. Экс-шенді өзінен күдікті барынша алыстату үшін кәсіпкермен екі араға бірнеше адамды салыпты. Мәселен, Астанада алынған параны Оспанов өзінің Өскемендегі бұрынғы көлік жүргізушісі Амангелді Әбішев арқылы Семейге жөнелтпек болған көрінеді.

Он мне сказал, что надо отвезти деньги Нуртаю, брату Оспанова. Я сказал, хорошо.

Шенеуніктерге қатысты кезекті даулы іске Астана қалалық мамандандырылыған сот төрағасы Ербол Рахымбеков төрелік етеді. Істің күрделілігін ескере отырып, судья журналистерден айыпталушыларды фото-бейнеге түсірмеуді өтінді. Судья жақында ауыл шаруашылығы экс-вице-министрі Мүслім Өмірияевтің ісі бойынша шенеунікті 10 жыл бас бостандығынан айыру туралы шешімімен есте қалған-ды. Ал Марат Оспановты қос адвокатпен қатар, қоғамдық қорғаушы ретінде туған апасы қорғауда. 

Азамат АЛДОҢҒАРОВ