Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Шығыс Қазақстанда күнбағыс алқаптары қар астында қалды

AstanaTV
12.11.2014ж. 13:00
1796
Шығыс Қазақстанда күнбағыс алқаптары қар астында қалды

Шығыс Қазақстан облысында майлы дақылдардың 30 пайызы қар астында жатыр. Оларды жинауға әуелде шаруаларға жауын кедергі келтірсе, енді жауған қар тосқауыл болуда. Қар астында күнбағыс қана емес, жүгері де қалған. Жиналған өнімді кептірудің өзі қосымша шығынға әкелері анық. Сондықтан, күнбағыс майы бағасының қымбаттауы да ықтимал, - дейді мамандар. Жалпы, салқын түскенше дәнді-дақылдар жиналып үлгерген. Қамбаға құйылған 840 мың тонна бидай аймақтың сұранысын толықтай қамтамасыз етеді.

Айта кету керек, биылғы тұқым қоры тек шығысты ғана емес, солтүстік өңірлерге де жеткілікті жиналды.

Дүйсенбай Селиханов, ШҚО Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:

Әрине, біздегі күнбағыс толықтай жиналмады. Бірақ, қардың астында қалды деп айтуға әлі ерте. Комбайндар әлі алқаптарда. Бір күн жұмыс істесек, үш күн тоқтап тұрамыз немесе керісінше, 3 күн істеп, бір күн тұрамыз. Қар жауды. Қазір сәл еруін күтіп жүрміз. Ылғалдың 5-7 пайызға жетуін күтпей, 20 пайыз болса да, дестелеп жатырмыз. Аудандарда кептіргіш агрегаттар да жеткілікті.

Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ