Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы «Нұрлы жол» атты халыққа жолдауы қоғам арасында қолдау тапты

AstanaTV
12.11.2014ж. 13:00
1314
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы «Нұрлы жол» атты халыққа жолдауы қоғам арасында қолдау тапты

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы «Нұрлы жол» атты халыққа жолдауы қоғам арасында қолдау тауып жатыр. Көпшілік, дәстүрлі жолдаудың мерзімінен бұрын жасалғаны да орынды, дейді. Жаһандық тұрақсыздық кезінде, бағыт-бағдар беретін құжат ауадай қажет еді, дейді депутаттар мен қоғам қайраткерлері. Ал, жастарды баспана мәселесінің қолжетімді болатыны қуантты.

Камал Бұрханов, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:

Жолдаудың ерекшелігі - бұл жаңа жылда емес, жыл аяқталмай тұрып, жаңа жылға екі айдай бар мерзімде болып отыр. Оның ерекшелігі - геосаяси, геоэкономикалық процесстер. Күрделі мәселелер болып тұр ғой қазір. Мұнайдың бағасы төмендеп жатыр, металл, көмір, темірдің бағасы төмендеп жатыр. Сондықтан, үкімет Жолдауды қолдана отырып, ертең 1 қаңтардан бастап оны әзірлеп, бүгінгі таңдағы үлкен проблемаларға тиісті жауап беру керек. Сондықтан, мен ойлаймын, білекті сыбанып жұмыс істеу керек.

Азат Перуашев, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» фракциясының жетекшісі:

Жолдардың жүйеге, қалыпқа келтірілетіні өте құптарлық. Елбасы атап өткендей, біріншіден, көліктік-логистикалық инфрақұрылым дамиды. Барлық аймақтар күре жолдар, темір жолдар мен әуе қатынасы арқылы тығыз байланыс орнатса, экономикамыздың өрге басатыны анық. Сәйкесінше, халық жол бойындағы ауылдарға көптеп қоныстанады. Және бастысы жол тораптарын салу арқылы түгелдей елді біріктіретін боламыз. Астана біріктіріп отыр деген сөз.

Нұрлан Сыдықов, «Жас Отан» ЖҚ атқарушы хатшысы, «Нұр Отан» партиясының саяси кеңес мүшесі:

Мына өзекті болып тұрған төрт мәселенің ішінде жастардың арасындағы баспанамен қамтылу болатын болса, өз кезегін тауып, енді 2015 жылдан бастап нақты шешімін табатынын атап көрсетті. Мына пайыздық көрсеткішінің жеңілдігі жөнінде қолжетімді баспананың, жолдамалы баспананың жаңа тетіктері пайда болатынын Елбасы атап өтті. Мұны жастар үлкен қуанышпен, өздеріңіз көрдіңіздер қалай бірден халық қол соқты. Осы мәселеде осы жолдаудың ерекшелігі осымен менің есімде қалды.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА