Құрлықтық
хоккей лигасында сынға түсіп жатқан «Барыс» командасы тағы да ұтылды. Бұған
дейін «Авангард» клубына есе жіберген Андрей Назаровтың шәкірттері бұл жолы
қонақта «Салават Юлаев» хоккейшілеріне жол берді. Тақырыпты Самат Қанағатов
тарқатады.
Астана қаласында
өткен ойында «Салават Юлаев» командасы 3-2 есебімен ұтылған. Сол нәтижені еске
сақтаған айдын иелері бұл жолы қарымта қайтару мақсатында аянып қалмады. Оның
үстіне кіші Владимир Юрзиновтың шәкірттері бұған дейін «ЦСКА» командасынан 7-0
есебімен ұтылып, ұпайсыз қалды. Енді өз жанкүйерлерінің алдында намысқа
тырысқан Уфа қаласының хоккейшілері жеңіс үшін барын салды. Алғашқы екі кезең
қорытындысы бойынша командалар бірін бірі ала алмай, 2-2 есебімен тең түсті.
Қазақстандық ұжым сапында Майк Ландин мен Найджел Доус мергендігімен танылды.
Үшінші
кезеңнің басында «Барыс» командасының шабуылшысы Найджел Доус дубльдің авторы
атанды. Бірақ қуаныш көпке созылмады. Араға санаулы секундтар салып, Дмитрий
Макаров таразы басын теңестірді.
Қалған
уақытта қонақтарға қарағанда мұз айдынында ширақ қимылдаған айдын иелері Ян
Лацо қорғаған қақпаға 4-ші шайбаны соқты. Бұл сәтте Алексей Кайгородов мүлт
кетпеді. Төрт голмен шектеліп қалмаған «Салават Юлаев» командасы кездесудің
соңғы минутында есепті ұлғайтты. Бұл сәтте бос қақпаны нысанаға алған Тему
Хартикайнен бұл ойындағы соңғы нүктені қойды. Келесі кездесуін «Барыс»
командасы енді Омбы қаласының «Авангард» клубына қарсы өткізеді.
Самат
ҚАНАҒАТОВ