$485.11 €523.82 ₽5.02
×

Р.Ердоған: Американы ашқан Колумб емес, мұсылмандар

AstanaTV
20.11.2014ж. 10:00
3205
Р.Ердоған: Американы ашқан Колумб емес, мұсылмандар

«Американы ашқан Христофор Колумб емес, мұсылмандар». Бұл Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоғанның айтқаны. Ол Ыстамбұл қаласында ұйымдастырылған латын америкалық ислам діні көшбасшыларының бірінші саммитіне қатысып, осындай жаңалығымен жұртшылықты таңқалдырды.

Түрік президенті өз сөзінде 1178 жылы бір топ мұсылман әскерлері алғашқылардың бірі болып, Америка жеріне табан тірегенін атап өтті. Яғни Христофор Колумбтан 314 жыл бұрын болған. Ал атақты саяхатшы Колумб өзінің еңбектерінде, Америка жеріне алғаш келгенде қазіргі Куба елінің төңірегіндегі тау-төбенің басынан мешіт көргенін жазған, деді Реджеп Тайып Ердоған.

Реджеп Тайып Ердоған, Түркия Республикасының президенті:

1866 жылы екі осман кемесі Ыстанбұлдан шығып, Басра қаласы арқылы Парсы шығанағына бет алып, мұхит бетімен жолға шыққан. Алайда, бағытынан адасып, Бразилияның Рио жағалауынан бір-ақ шыққан. Міне, сол кезде кеме ішінде болған кейбір мұсылман ғалымдары сол жерде қалып, 12 ғасырда Латын Америка елдеріне ислам дінін таратқан. Осы ретте мен де Куба үкіметінің келісімін ала отырып, осы елден бір мешіт тұрғызуды ұсынамын.