Серік
Ахметовке аса ірі көлемде бюджет қаржысын жымқырды деген айып тағылуда. Алдын
ала тергеу бойынша, экс-шенеунік аса ауыр жемқорлық қылмыс жасағаны үшін ҚР ҚК
176-бабының 4-тармағы «Б» пункті бойынша айыталуда. Бұл жайында Қазыбек би
аудандық сотының баспасөз қызметі хабарлады. Таратылған ақпаратқа сай, тергеу
органдары Ахметовті қоғамнан оқшаулау шараларын сұрамаған. Сондай-ақ прокуратура
айыпталушыны қамауға алу туралы шешім шығару мәселесін талап етпеген.
Ахметовтің бұрын сотталмағаны, Қарағандыда тұрақты мекен-жайы бар екендігі
ескерілді. Сот сондай-ақ оның денсаулық жағдайын да ескерді. Сондықтан
үйқамаққа алу түрінде бұлтартпау шарасын қолдану жөнінде санкция шығарылды
-делінген хабарламада. Қаулы заңды күшіне енген жоқ, үш күндік мерзімде
шағымдануға мүмкіндік болады. Еске салайық, кеше бұрынғы Премьер-министр Серік
Ахметовке айып тағылып, ол үй қамаққа алынғаны белгілі болды.