$485.11 €523.82 ₽5.02
×

Павлодар облысында боранда жоғалып кеткен азамат үш тәуліктен бері іздестіріліп жатыр

AstanaTV
21.11.2014ж. 10:00
1095
Павлодар облысында боранда жоғалып кеткен азамат үш тәуліктен бері іздестіріліп жатыр

Павлодар облысында боран кезінде жоғалып кеткен азамат әлі табылған жоқ. Құтқарушылар мен жергілікті ауыл тұрғындары міне бүгін төртінші тәулікке таяды, әлі іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Еске салсақ, сейсенбіде Қарасұқ ауылы маңында көмір тасымалымен айналысқан екі адам  жоғалып кеткен еді. Оның бірі кеше табылды. Ол сайын дала бір мая шөпті паналап аман қалған. Ал 29 жастағы жігітті табу мүмкін болмай жатыр. Аймақта қарлы боран әлі тоқтаған жоқ. Табиғаттың бұл мінезі іздеуге кедергі келтіріп отыр. Құтқарушылар жоғалған азаматтың аман табылатынына сеніп отыр.

Илхам ИБРАХИМ