$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Қазақстан Ислам мемлекеті қозғалысына бей-жай қарамауы тиіс

AstanaTV
21.11.2014ж. 20:00
1604
Қазақстан Ислам мемлекеті қозғалысына бей-жай қарамауы тиіс

Қазақстан Ислам мемлекеті қозғалысына бей-жай қарамауы тиіс. Діни радикалды көзқарастарды қолдаушылар біздің елден де шығуы мүмкін. Теолог мамандар осылай деп алаңдаушылық білдіреді. Ресей басшылығына «Шешенстанды азат етіп, халифат орнат» деп ғаламтор беттерінде ашықтан-ашық үндеу тастаған ұйым Ирак, Сириямен шектеле ме? Теріс пиғылдағы исламшылардан сақтану үшін Қазақстан қандай қадам жасауы керек?  

Кеңшілік Тышхан, дінтанушы:

Тек қана бақылау, оларды санау, бүгін 200 болды, 300 болды, ертең үш айдан соң 1000 болды деп қарап отыру ғана емес, нақты қадамдарға баруға шақ келді деп ойлаймын. Ол азаматтар бекерден-бекер жат идеологияға еріп кетіп жатқан жоқ, демек бостық бар.

Еліміздің беделді теолог мамандары мен түрік сарапшыларының Ислам мемлекетіне қатысты тұщымды ой-пікірлерін ертең 20:30-да «Біздің уақыт» сараптамалық бағдарламасынан көріңіздер.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ