$491.7 €531.28 ₽5.07
×

Сарапшылар: Парламенттің жаңа құрамы бюджет қаражатына үнемшіл болуі тиіс

AstanaTV
21.01.2016ж. 20:00
1632
Сарапшылар: Парламенттің жаңа құрамы бюджет қаражатына үнемшіл болуі тиіс

Мәжіліс Парламентінің алтыншы шақырылымының жұмысы экономикалық реформаларды жүзеге асыруға бағытталады. Бұндай пікірді мәжілістің бесінші шақырылымының депутаты Нұрлан Әбдіров білдірді. Экс-депутаттың сөзінше, «100 қадам ұлт жоспарының» елу қадамы экономиканы дамытуға бағытталған. Парламент төменгі палатасының жаңа құрамы жедел жұмыс атқара білуі шарт, - деді Әбдіров.

Нұрлан Әбдіров, ҚР Парламенті Мәжілісі V шақырылымының депутаты, «Нұр Отан» партиясы:

Елбасы кеше өзінің сөзінде де айтып кетті. Жедел жұмыс істеу керек деп. Тәжірибелілігі мен жедел. Сондықтан осы үкіметпен бірлесе отыра, сонымен қатар қоғамдық ұйымдармен, халықпен бірлесе отыра, жұмыла жедел жұмыс істеу керек.

Ал Еуразиялық интеграция институтының маманы мәжілістің алтыншы шақырылымы жеделділігімен қатар, үнемді болуы тиіс деген ойда.

Жақсылық Сәбитов, Еуразиялық интеграция институты директорының орынбасары:

Менің ойымша, келер парламенттің басты міндеті - бюджет қаражатының мақсатты жұмсалуын қадағалау. Яғни барлық сала үнемді болады. Парламент сайлауының мәслихат сайлауымен біріктірілуі азаматтардың белсенділігін арттырады. Бұл өз кезегінде жергілікті жерлердегі депутаттардың жауапкершілігін арттырады.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ