Ресей тарапы құрылысын тоқтатқан
«Оңтүстік ағынының» орнын басатын Түркия аумағы арқылы өтетін жаңа газ құбыры
«Түрік ағыны» аталуы мүмкін. Бұл туралы Түркия президенті Реджеп Тайып Эрдоған
мәлімдеді, деп хабарлайды «РИА Новости».
Эрдоғанның айтуынша, бұл атауды Ресей басшысы Владимир
Путин ұсынған. «Түркия мен Еуропа өзіне қанша газ қажет болса, сонша алады,
осылайша Түркия барлық аймақтың энергетикалық хабына айналады», -
деп мәлімдеді Эрдоған мұнай-газ саласының стратегиялық симпозиуымында. Газ құбыры
Қара теңіз түбімен Ресейден Түркия арқылы Грекияға жетпек.
Есте болса, бұған дейін Владимир Путин
«Оңтүстік ағынының» құрылысы тоқтатылатынын мәлімдеп, Түркияға жаңа газ құбыры
тартылатынын айтқан-ды.
Айгүл ӘДЕПБАЙ