Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Калачи ауылында «ұйқы дертіне» шалдыққан 4 адам Астанаға жеткізілген

AstanaTV
06.01.2015ж. 10:00
970
Калачи ауылында «ұйқы дертіне» шалдыққан 4 адам Астанаға жеткізілген

Ақмола облысы Калачи ауылында «ұйқы дертіне» шалдыққан 4 адам аудандық ауруханадан Астанаға санитарлық авиациямен жеткізілген. Олардың арасында елге қыдырып келген 58 жастағы Ресей азаматы да бар. Бұл жайында Интерфакс агенттігі хабар таратты. Есіл ауданы әкімінің орынбасары Сәуле Ағымбаеваның агенттікке берген ақпаратына сай, аталған дертке шалдыққандар қатары бүгінде 100-ге жеткен. Алайда дерттің белең алуына не себеп болғаны әлі белгісіз. Сырқатқа шалдыққандар қатарының көбеюі, аймақтағы күннің жылы болуынан деген қауіп те бар. Осыған орай, қазір дәрігерлер науқастарды қабылдайтын қосымша орындар ашып, күшейтілген тәртіпте жұмысқа көшкен.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, жергілікті тұрғындар «ұйқы басу
», «есінен адасу» сынды белгілермен медицина мамандарына өткен жылдан бастап жүгінген. Арнайы құрылған комиссия бірнеше мәрте тексеру жасағанымен, дерттің нақты себебін анықтай алмай келеді. Облыс билігі жергілікті халықты осы жылы басқа жерге көшіруге уәде берген еді. Айта кетейік, Калачи ауылында 680 тұрғын бар.

Бұл аймақта өткен ғасырдың 1960-1990-шы жылдар аралығында шахта болып, онда уран шығарылған. Ауылдың көнекөз қарияларының пікірі «осы кен орнының зияны енді білініп жатыр
» дегенге саяды.

Т.ОСПАНБАЕВА