1
ақпаннан бастап Қазақстанның барлық аймағында электр қуатының бағасы
өседі. «7 қаңтар күні Энергетика
министрі Владимир Школьник бұл туралы жарлыққа қол қойды»,- деп NefteGaz.kz
порталы хабарлайды. Министр тарифті көтеруге экономикадағы тұрақсыз ахуал сеп
болып отырғанын айтқан. Сондай-ақ, энергетика жүйесінің инфрақұрылымына
инвестиция қажеттігі мен жаңа қуат нысандарының құрылысы да - себеп. Ал
тарифтердің нақты қаншаға көтерілетіні әлі белгісіз.
Оған қоса, сала министрі
Қазақстан аумағында электр энергиясын үнемдейтін құралдардың тасымалына шектеу
қойылатынын айтты. Бұл негізінен Electricity Saving Box құралдарына қатысты.
Мұндай шешім шығаруға - аталмыш құрылғылардың қазақстандық электр жүйелерінде
жұмыс істеу мүмкіндігінің тексерілмеуі себеп. «Сондықтан оларды пайдалану -
шығынға алып келуі мүмкін», - деп түсіндірді Владимир Школьник.
Айта кетейік,
электр қуатының тарифі 1 қаңтардан
бастап еліміздің бірнеше аймағында, яғни
Алматы облысы және Алматы, Павлодар, Шымкент, Ақтау қалаларында көтерілген еді.
Болжам бойынша, жаңа тарифтер алдағы 5 жылға дейін сақталады.
Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ