$491.7 €531.28 ₽5.07
×

Сот шешімімен келіспеген алматылық тұрғын жұртты біраз әбігерге салды

AstanaTV
13.01.2015ж. 20:00
760
Сот шешімімен келіспеген алматылық тұрғын жұртты біраз әбігерге салды

Сот шешімімен келіспеген алматылық тұрғын жұртты біраз әбігерге салды. Нәтижесінде ел дүрлігіп, Республика алаңында орналасқан қала әкімдігінің қызметкерлері мен бірнеше телеарналардың тілшілері ғимараттан шығарылды. Олар 2 сағаттай далада мең-зең күй кешуге мәжбүр болған. Ал, әкімдіктің маңайы қоршауға алынып, қозғалыс шектелді.

Салтанат Әзірбек, Алматы қалалық ІІД баспасөз хатшысы:

Алдын ала мәлімет бойынша, ол осы олқылыққа 2008 жылы азаматтық істер жөніндегі соттың қандай да бір шешіміне наразылық  ретінде барған. Қазіргі таңда бұл мәлімет тексеріліп жатыр. Алматы қалалық ІІД-нің тергеу басқармасы ресми түрде тергеуге кірісті. Оның осы істегі мақсаты мен себептері анықталатын болады.

Осы кезде түрлі алып қашпа әңгіме де тарап үлгерді. Бірі жарылғыш зат қойлыпты десе, енді біреулер кезекті оқу-жаттығу жұмыстары деді. Анықтала келе, 37 жастағы ер адамның әкімдік бөлмесіне кіріп, есікті іштен жауып алғаны белгілі болды. Ол ешқандай талап та қоймаған. Тәртіп сақшыларының айтуынша, белгісіз азаматпен арадағы келіссөздер 2 сағатқа созылды. Қала прокурорымен тілдескеннен кейін ол өз еркімен тәртіп сақшыларына берілген. Ал оның «әкімдікті жарып жібермекші болғаны» жайлы ақпарат расталмады. ІІД мамандары бұл оқиғаға қатысты тексеру жұмыстарын бастап та кетті.   

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ