Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Қазақстан мәдениетінің Түркиядағы күндері мәресіне жетті

AstanaTV
19.01.2015ж. 20:00
1096
Қазақстан мәдениетінің Түркиядағы күндері мәресіне жетті

Қазақстан мәдениетінің Түркиядағы күндері өз мәресіне жетті. Шара барысында Анадолы халқын апта бойы әдемі әнімен сусындатқан қазақтың бұлбұлы Бибігүл Төлегенова мен Қарағанды қаласының Тәттімбет атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптары оркестрінің ұжымы әнсапардағы соңғы концертін Ыстамбұл қаласында өткізді.

Түрксой халықаралық ұйымы ұйтқы болған мәдени шара бұған дейін Ескішехир, Болу, Анкара қалаларында көрермен назарына ұсынылды. Ұлттық аспап пен жанды дауысты ұштастыра білетін өнер иесінің әндері түркі жұртына жақсы таныс. Бибігүл Ахметқызы бұған дейін де бірнеше рет келіп, кеш өткізгенін айтады. Соңғы рет 80 жылдық мерейтойында Түркияның жеті қаласында жеке концерт берген.

Бибігүл Төлегенова, КСРО халық әртісі:

Сол жердегі адамдар мені ұмытпапты. Таниды екен, қуанып қарсы алып, сіз өзгермепсіз, жассыз деп. Сағынады екен - мен соған қуанамын. Өйткені бір келгеннен кеін ұмытпаған деген жақсы. Мені қазақтың бұлбұлы деп қарсы алғанына дән ризамын.

Фетхи Ахмет Юксел:

Бүгін бір ұмытпайтын әдемі әрі әсерлі кеш болды. Сахнадан қазақтың барлық ұлттық музыка аспаптарын көрдік. Ал күміс көмей әнші апамыз мұндағы өз тыңдармандарын ұмытпай, елімізге келгеніне шын жүректен қуаныштымыз. Өнеріне тәнтіміз. Даусы әлі 18 жасындағыдай еш өзгермепті. 

Самат СҮЛЕЙ 

Алдыңғы жаңалық