Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Бағдарламаның екінші кезеңіне мемлекеттен 48 миллиардқа жуық қаражат бөлінген

AstanaTV
22.01.2015ж. 13:00
809
Бағдарламаның екінші кезеңіне мемлекеттен 48 миллиардқа жуық қаражат бөлінген

Щучье-Бурабай курортты аймағын дамыту бағдарламасының екінші кезеңіне мемлекеттен 48 миллиардқа жуық қаражат бөлінген. Бұл туралы Бурабай ауданында өткен мәжілісте айтылды. Онда 2012-2013 жылдары, яғни бағдарламаның бірінші кезеңінде атқарылған жұмыстарға баға берілді.

Ал, екінші кезеңде - 85 бағытта жобаларды жүзеге асыру жоспарланып отыр. Оның ішінде Шучье-Бурабай аймағының жолдарын, инженерлік инфрақұрылымдарын дамыту және экологиялық мәселе бар.

Ал, туристерге қолайлы демалыс орындары мен шипажайлар құрылысын жүргізу үшін инвестиция тартылмақ. Туристік аймақтың құрылысы - бағдарлама бойынша 2016-жылы аяқталуы тиіс.

Ал, 2017 жылы дәл осы аймаққа ЭКСПО көрмесіне келген туристер тартылады,- дейді облыстық туризм басқармасының басшысы.

Шынарбек Батырханов, Ақмола облыстық туризм басқармасының басшысы:

Біздің бір суткалы жағдайымыз 12 мың туристке дейін қабылдайтын жағдайымыз бар. Ал, енді ЭКСПО-ға байланысты біз қазір аудандар бойынша осы Шуцье-Бурабай аймағында тағы 40-тан астам жобаларды орындап, өзіміздің бар орындарды 1 жарым мыңға көбейтіп жатырмыз. Сол туристерді қабылдау үшін 1500 жаңа орын ашылады.

Тоғжан АМАНАЛИЕВА