Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Атырауда балықты қорғайтын мамандар қармақ салатындарға кезекті түсіндіру шараларын өткізді

AstanaTV
26.01.2015ж. 10:00
1285
Атырауда балықты қорғайтын мамандар қармақ салатындарға кезекті түсіндіру шараларын өткізді

Бұл Жайық өзенінің Дамбы аумағы. Демалыс күндері балық аулаушылардың да қатары баршылық. Балық инспекторлары олардан дереу жиналуды талап етті. Бірақ  балықшылар оңайлықпен орнынан қозғалмады.

Дегенмен, испекция мамандар бұл жолы ескертумен шектелді. Өзеннің қорғалған аумағына қармақ салатындарға келесіде айыппұл салатындарын хабарлады.

Сабыр Рамазан, Жайық-Каспий облысаралық  бассейндік балық шаруашылғы инспекциясының бөлім басшысы:

2015 жылдың 21 қаңтарынан бастап әуесқой балықшыларға Жайық өзенінің  Ширинадан  Дамбы территориясына дейін, теңізге дейінгі аралықтарда рұқсат етілмейді. Балықшыларға ескертіп жатырмыз. Егер жалғаса берсе, әкімшілік айыппұл салады.

Базаркүл НӘДІРҚЫЗЫ