Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Ресейден келген арзан бензин Қазақстандағы мұнай өңдеуші зауыттардың жұмысын тоқтатуы мүмкін

AstanaTV
26.01.2015ж. 13:00
1015
Ресейден келген арзан бензин Қазақстандағы мұнай өңдеуші зауыттардың жұмысын тоқтатуы мүмкін

Ресейден келген арзан бензин Қазақстандағы мұнай өңдеуші зауыттардың жұмысын тоқтатуы мүмкін. Бұл туралы бүгін еліміздің энергетика министрі Владимир Школьник Парламент мәжілісіндегі Үкімет сағатында мәлімдеді.

Министрдің сөзінше, көршілес елден келіп жатқан арзан бензин сұйық отын нарығына айтарлықтай ықпал еткен. Осы бензиннің әсері еліміз бойынша кейбір жанармай құю бекеттерінде Аи-92 жанармайының құнын литріне 109 теңге шекті бағадан төмендетуге алып келді.

Егер жағдай осылай жалғаса берсе, отандық зауыттар жабылу қаупі бар. Школьниктің сөзінше, жағдайды екі жақты реттеу үшін, және отандық зауыттардың жұмысын тоқтатпау жолдарын қарастыруға бүгін Қазақстанға Ресейдің энергетика министрлігінен арнайы делегация келмек.

Ләйлә ҚАЛИАҚПАРОВА


Алдыңғы жаңалық