$457.29 €490.35 ₽5.97
×

Саудагерлердің айтуынша, «Жібек Жолы» базарының жалға беру құны тым жоғары

AstanaTV
28.01.2015ж. 10:00
952
Саудагерлердің айтуынша, «Жібек Жолы» базарының жалға беру құны тым жоғары

Алматыда бұрынғы Баянауыл базарының саудагерлері,«жаңа орыннан береке таппадық»,- дейді. Олардың басым бөлігі Алматының шетіндегі «Жібек Жолы» базарына орналасқан еді. Саудагерлердің айтуынша, жаңа базарда жалға беру құны тым жоғары. Сонымен қатар, қаланың сырты болғандықтан, мұнда келушілердің қатары да аз - дейді.

Арендасы ол жақта арзан болған. Адамның жағдайына қарайтын. Ал мына жерде ешқайсымызға қарамайды. Сауда жаса, сауда жасама күніне мың теңге. Бізде шыны керек сауда болып жатқан жоқ. Бұл кісілер, алдында келетін кезде сіздердің жағдайларыңызға қараймыз, барлық условияны жасаймыз, алдымен тұрыңыздар, келіңіздер деп айтқан болатын. Ал, біз кіріп алғаннан кейін бұл кісілер басқаша сайрап отыр. Бұрынғы Баянауыл базарының қазіргі күйі мынау. Күреліп тасталған.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, сот шешімімен саудагерлер «Баянауылды» босатуы тиіс болатын. Базардан нәпақа тауып жүргендер бұл шешімге әуелі қарсы болды. Уақыт беруін талап етті. Дейтұрғанмен, көпшілігі жаңа базарлардан орын алған. Ал, көшіп үлгермеген саудагерлер, әлі контейнерлерін әкетумен әлек.

Б. ХАСЕНОВ


   

orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах