Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

«Ақ жол» партиясына кәсіпкерлерден көптеген шағымдар түскен

AstanaTV
28.01.2015ж. 13:00
996
«Ақ жол» партиясына кәсіпкерлерден көптеген шағымдар түскен

«Отандық банктердің теңгемен несие бермей жатқанына орай «Ақжол» партиясына кәсіпкерлерден көптеген шағым түскен. Мұндай үрдіс әсіресе соңғы 2-3 ай ішінде белең алған»,-дейді кәсіпкерлер шағымына сүйенген депутаттар.

Девальвациядан қорыққан қаржы ұйымдары несиені тек валютамен беріп жатса керек. «Кей банктер теңгемен бергеннің өзінде несиені доллар бағамына байланыстырып келісім жасасады. Экономиканы долларсыздандыру саясаты жүріп жатқанда, банктердің бұл әрекетіне жол болсын? Осы арқылы олар азаматтардың құқығын шектеп отырған жоқ па?», - дейді фракция жетекшісі.

Азат Перуашев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» фракциясының жетекшісі:

Бүгін Ұлттық банк басшысына сауал жолдадық. Біріншіден банктердің теңгемен несие беруін сұраймыз. Екіншіден бұл талапты атқармаған екінші дәрежелі банктерді жауапқа тарту туралы ұсыныс жасадық.

Мөлдір ДЮСЕКИНА 

Алдыңғы жаңалық