Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Қызылорда тұрғындары «Ұлт бірлігі - ұлы байлық» көрмесін тамашалады

AstanaTV
28.01.2015ж. 10:00
1389
Қызылорда тұрғындары «Ұлт бірлігі - ұлы байлық» көрмесін тамашалады

Ұршық, гобелен, киіз, түрлі мүсіндер мен әшекейлер. Қолдан жасалған ерекше бұйымдарды Қызылорда тұрғындары «Ұлт бірлігі - ұлы байлық» көрмесінен тамашалады. Қазақстан Халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған шараны Қызылорда облысында тұратын түрлі ұлт өкілдері ұйымдастырған.

Олар қолдан жасалған ұлттық құндылыққа бай мұралармен бірге, тұрмыста пайдаланылған көне заттарды көпшіліктің назарына ұсынды. Неміс, кәріс, орыс, татар, грек, түрік, еврей, өзбек, қырғыз ағайындар қызығушылық танытқан әрбір келушіге жәдігердің тарихын айтып берді.

Қазақстан Халқы Ассамблеясының 20 жылдығына Қызылорда облысындағы ұлттық-мәдени орталықтар арнайы бағдарлама әзірлеген. Оның ішінде мәдени, спорттық және тағам даярлау сынақтары бар. Байқауларға ересектермен бірге балалар да қатыспақ. 

Любовь Шадыло, «СЛАВЯНЕ» ұлттық-мәдени орталығының мүшесі:

Біз өз салт-дәстүрлерімізді көрсетіп жатырмыз. Мынау, мысалы, жолға орамал деп аталады. Құда түсіп келгендерді нан мен тұз салып, осымен қарсы алады. Балалар көбіне ағаштан ертегі кейіпкерлерін ойып жасағанды ұнатады. Кейінгі буын өз халқының дәстүрлерін ұмытпаса дейміз.

Шәрипа САҚТАПОВА