Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Ким Чен Ын тұңғыш рет халықаралық қауымдастық алдына шығып сөз сөйлемек

AstanaTV
29.01.2015ж. 13:00
1166
Ким Чен Ын тұңғыш рет халықаралық қауымдастық алдына шығып сөз сөйлемек

Ким Чен Ын тұңғыш рет халықаралық қауымдастық алдына шығып сөз сөйлемек. «Солтүстік Корея көшбасшысы сәуірдің 24-де Индонезияда өтетін Азия және Африка елдерінің конференциясына қатысады»,- деп «Kompas» агенттігіне сілтеме жасаған (Тзе Чо Сон Илбо) «The Chosun Ilbo» жазды.

«Ким Чен Ын Бандунг конференциясының 60 жылдығына орай өткізілетін жиынға қатысса, бұл шара ол үшін маңызды болады және Бандунг қаласы тарихта қалады» деп санайды сарапшылар.

Өйткені, 1965 жылы дәл осы конференцияның 10 жылдығына орай өткізілген жиынға Солтүстік Корея мемлекетінің негізін қалаушы Ким Ир Сен қатысқан. Бандунг конференциясы алғаш рет 1955 жылы өтті.

Ол кезде Корей Халықтық Демократиялық Республикасы халықаралық жиынға жіберілмеген еді. Ким Чен Ын Ресейге баратынын да растады. Ол Жеңістің 70 жылдығына орай өтетін салтанатқа қатыспақ.

Айгүл ӘДЕПБАЙ