$474.83 €515.38 ₽5.5
×

2 миллиард теңге жымқырмақ болғандардың жолы кесілді

AstanaTV
29.01.2015ж. 13:00
943
2 миллиард теңге жымқырмақ болғандардың жолы кесілді

Атырау әкімдігі қаланы көгалдандыруға бөлген 2 миллиард теңгеден астам қаржыны жымқырмақ болғандардың әрекетін әшкереледі. Бұл туралы облыстық прокуратура өкілдері айтты. Құзырлы орынның дерегінше, ұйымдастырушылар электронды түрде жүргізілетін мемлекеттік сатып алу конкурсының тәртібін өрескел бұзған.

Заңда мұндай қызметке мүгедектер ұйымдарын қатыстыруға басымдық берілген. Ал ұйымдастырушылар, конкурсқа мұндай қоғамдық бірлестіктердің қатысуына болатынын ашып көрсетпеген.

Дәл осы конкурс екінші рет жарияланған кезде де, комиссия мүшелері тәжірибесіз компанияның жеңуіне мүдделі болады. Прокуратура қызметкерлерінің араласуымен, өткізілген конкурс заңсыз деп танылды.

Аслан Нұрғалиев, Атырау облыстық прокуратурасының ресми өкілі:

Екінші қайтара өткізілген конкурста да комиссия мемлекеттік сатып алуды өткізу тәртібін бұзып, тасымалдаушы компаниялардың біріне басымдылық берілген. Осы тектес олқылықтар жіпке тізілген комиссия мүшелері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Базаркүл НӘДІРҚЫЗЫ