Тобыл өңірінде жарты миллионнан
астам тұрғын дауыс беру құқығына ие. Олар облыстағы 818 сайлау учаскесінде
таңдау жасайтын болады. Саяси науқан кезінде аймақта 1 140 сайлау комиссиясы жұмыс істейді. Бұл
туралы БАҚ өкілдерімен өткен кездесуде аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы
Антонина Маркова айтты. Өңірде бір күннің өзінде мәслихат депутаттығына 17
үміткер тіркелген. Олардың барлығы өзін өзі ұсынғандар.
Қазіргі таңда сайлау
комиссиясының мүшелерін оқыту, үйрету жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар
сайлаушылардың саны тым аз учаскелерді қысқартып, онда тіркелген адамдарды жақын маңдағы жерлерге жеткізу мәселесін
қарастырып жатырмыз, - дейді аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы.
Антонина Маркова, Қостанай
облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы:
Мәселен, өткен сайлауда
учаскелердің бірінде 11 сайлаушы, тағы біреуінде 9 адам ғана дауыс берді. Тіпті
2 адам үшін 7 комиссия мүшесі жұмыс істеуіне тура келді. Бұл жолы адам аз
тіркелген учаскідегі сайлау комиссиясын қысқарттық. Ал бірнеше тұрғынды жақын маңдағы сайлау
учаскілеріне көлікпен жеткізетін боламыз.
Еске сала кетейік, Мәжіліс пен
барлық деңгейдегі мәслиxаттардың мерзімінен бұрын сайлауы наурыздың 20 күні
өтеді. Ертеңіне, яғни бір күннен соң, Қазақстан xалқы Ассамблеясының мүшелері өз
араларынан сайланатын депутаттарды таңдайды. Мәжіліске барлығы 107 xалық
қалаулысы сайланады, оның 98-і партиялық тізім бойынша, ал тоғызы Ассамблея
мүшелері. Ал жергілікті мәслиxаттарға 3 335 депутат сайланбақ.
Заңғар
САНАЙ