$455 €492.13 ₽5.94
×

Италияның бұрынғы премьер-министрі қоғамдық жұмыстан мерзімінен бұрын босатылады

AstanaTV
04.02.2015ж. 10:00
617
Италияның бұрынғы премьер-министрі қоғамдық жұмыстан мерзімінен бұрын босатылады

«Италияның бұрынғы премьер-министрі Сильвио Берлускони-45 күнге белгіленген қоғамдық жұмыстан мерзімінен бұрын босатылады. Мұндай жеңілдік оған жақсы тәртібі үшін жасалды»,-деп жазады Reuters агенттігі.

2013 жылы 78 жастағы медиамагнат 4 жылға бас бостандығынан айырылған. Алайда, оның жасын ескере отырып, сот жазаны жеңілдетті. Берлускониге үй қамаққа алыну немесе Альцгеймер ауруына шалдыққандар емделетін орталықта жұмыс істеу ұсынылды.

Ал, өткен жылы сот - Берлускониге 2015- жылдың 23-сәуіріне дейін аталмыш медициналық мекемеде аптасына 4 сағат жұмыс істеу жазасын тағайындады. Енді, 8-наурызда экс- премьер-министрдің мойнынан барлық жаза алынады.

Саясаткердің алдағы алты жылда президент сайлауына қатысу мүмкіндігі жоқ. Алайда, бұл шектеулерден құтылу үшін Берлускони адам құқығын қорғау жөніндегі Еуропалық сотқа шағым түсірді.

Тоғжан АМАНАЛИЕВА 

orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах