Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Қырғызстанда қымбат автокөліктердің бағасы түсуде

AstanaTV
04.02.2015ж. 10:00
911
Қырғызстанда қымбат автокөліктердің бағасы түсуде

Қырғызстанда қымбат автокөліктер бағасы түсе бастады.Несиеге көлік алғандар оны төлей алмағандықтан, жаңа алынған көліктерді арзан бағамен сатуға мәжбүр. Бұл туралы КирТАГ хабарлады. Бұл өткен жылы Кедендік одаққа кірген кездегі уақытта үсті-үстіне автонесие алып тастаған жүргізушілерге қатысты.

Олар сол төлемақыларын қайтара алмай жақында ғана алған көліктерін - сатуда. Әсіресе қымбат көліктердің бағасы тым төмендеп кетті. Мәселен, 2005 жылы шығарылған Toyota Land Cruiser - өткен жылы 30-35 мың доллар тұрса, қазір 20 мың долларға бағаланып отыр.

Сондай-ақ, автокөлік саудасының құрылымы да өзгерді. Негізінен, қосымша төлеммен айырбас жүруде. Қазір, көлік базарларында қолма-қол ақшамен сатып алатындар сирек кездеседі.

Тоғжан АМАНАЛИЕВА 

Алдыңғы жаңалық