$511.77 €593.19 ₽6.41
×

Маңғыстаудағы мұнау сервистік компаниясы жұмысшылар санын азайтпайтын болды

AstanaTV
12.02.2015ж. 10:00
1219
 Маңғыстаудағы мұнау сервистік компаниясы жұмысшылар санын азайтпайтын болды

«Оңтүстік-Шығыс сервистік тобы» маңғыстаулық мұнай сервистік компаниясының басшылығы осындай пәрмен берді. Бір күн бұрын ғана компания - 38 жұмысшыны қысқартатынын айтқан болатынбыз.

Бірақ, кеше компания басшылығы - жұмысшылар атқаратын іс болмаса да, оларды қалдыруға бел байладық деп хабарлады. Кәсіпорын өзіне келген шығынды көтере алады және тағы да біраз уақыт тапсырыссыз-ақ шыдауға болады - деп мәлімдеді. Компаниядағы тапсырыс көлемін ұлғайтуға облыстық әкімдік те көмек қолын созбақшы.

Александр Дажин, «Оңтүстік-шығыс сервистік тобы» ЖШС директорының бірінші орынбасары:

Біз қазір бұрын қарамаған жобаларды алуға тырысып жатырмыз. Олардан пайда аз, тіпті, шығын болуы да мүмкін. Бірақ, адамдарды жұмыспен қамту үшін жаңа жобалар да іздеп жатырмыз. Жұмыс орындарын сақтап қалуымыз керек. Қазір мұнай баррелінің құны 45-55 доллар, бір жылдан соң 100 доллар болады.

Тоғжан АМАНАЛИЕВА