$457.29 €490.35 ₽5.97
×

Прокурор экс премьер-министр Серік Ахметовты тағы екі ай үй қамақта қалдыруды сұрады

AstanaTV
13.02.2015ж. 13:00
577
Прокурор экс премьер-министр Серік Ахметовты тағы екі ай үй қамақта қалдыруды сұрады

Прокурорлар экс премьер-министр Серік Ахметовты тағы екі ай үй қамақта қалдыруды сұрап отыр. Бүгін таңертеңнен бері Қарағандыда экс-премьердің қамау мерзімін созуға қатысты сот отырысы өтіп жатыр.

Қазіргі уақытта судья шешім шығару үшін үзіліс жариялады. Ал, Қарағандыдағы жемқорлық іске қатысы бар деген күдікпен абақтыға жабылған Анатолиий Эссе және Әлжан Ақмановтың қамау мерзімі тағы екі айға ұзартылды.

Еске салайық, кеше Серік Ахметовке қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды. Тағылған айыптармен танысуға тараптарға екі ай мерзім берілді. Тергеу 4 айға созылған болатын.

Бұрынғы Үкімет басшысы үш бірдей бап бойынша күдікке ілінген. Оның ішінде «аса ірі көлемде бюджет қаржысын жымқыру» фактісі де бар.

Мөлдір ДЮСЕКИНА


orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах