Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Экс-премьер-министр Серік Ахметов тағы екі айын үй қамақта өткізетін болды

AstanaTV
13.02.2015ж. 20:00
921
Экс-премьер-министр Серік Ахметов тағы екі айын үй қамақта өткізетін болды

Экс-премьер Серік Ахметов үй қамақта тағы екі ай отырады. Қарағандыдағы Қазыбек би аудандық соты оның үй қамауда отыру мерзімін ұзартты. Бұл уақыт аралығында күдіктінің қорғаушылары мен Ахметовтың өзі қылмыстық істің материалдарымен толық танысып шығуы тиіс.

Айта кетейік, бұрынғы үкімет басшысы үш бірдей бап бойынша күдікке ілінген. Оның ішінде «аса ірі көлемде бюджет қаржысын жымқыру» фактісі де бар. Ал атышулы іске Қазақстан өндіріс корпорациясы басшысының экс-орынбасары Әлжан Ақмолдаев пен индустриалды парктің бұрынғы жетекшісі Анатолиий Эссе де тартылған еді. Сот олардың да қамақ мерзімін екі айға ұзартты. Бірақ олар абақтыда отырады.

Еске салайық, қарағандылық бір топ жоғары лауазымды шенеуніктің ісін тергеу аяқталды. Қылмыстық істе 20 фигурант бар. Адвокаттар 150 томнан тұратын іспен танысып шығуы тиіс.  

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ