$487.37 €532.94 ₽5.09
×

«Нұр Отан» партиясының 17 съезінен туындайтын міндеттер пысықталды

AstanaTV
01.02.2016ж. 20:00
1738
«Нұр Отан» партиясының 17 съезінен туындайтын міндеттер пысықталды

Елбасы бекіткен 100 нақты қадам ұлт жоспарының орындалуына әрбір азамат үлес қосуы тиіс. Бүгін «Нұр Отан» партиясы орталық аппаратында ғалымдар мен қоғам қайраткерлері бас қосқан жиында осы мәселе пысықталды. Мақсат - партияның кезектен тыс 17-ші съезінде  Елбасы атап өткен жәйттерді жан-жақты талқылау.

Шараға қатысушылар, дағдарысқа қарсы тұрақтандыру жоспары, экономикалық құрылымдық жаңғыру, аграрлық секторды дамыту бағыттары бойынша да өз ойларын ортаға салды. Пікірталас барысында 5 институционалдық реформаны, 100 нақты қадам ұлт жоспарын орындау, партияның сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру тұрғысында ұсыныстар айтылды. Олардың бірқатары ғылым саласын дамытуға қатысты. Ғалымдар Қазақстанның негізгі экономикалық табыс көзі ретінде алдағы уақытта ауыл шаруашылығы саласын жетілдіру жайына кеңінен тоқталды. 


Айтжан Әбдіров, Сейфуллин атындағы агротехникалық университеті ректорының бірінші орынбасары:

17-ші съезде біздің президенттің сөзінде экономиканың құрылымын ары қарай дамыту. Соның ішінде ауыл шаруашылығы саласы маңызды орынның бірі деп есептеймін. Ауыл шаруашылығы саласын ары қарай дамыту үшін, ең бірінші маңызды бір жолы - кадрларды дайындау. Мына зерттеу университеттері арқылы.