«Нұр Отан» партиясының
сайлауалды тізіміне әншілер мен спортшылардың енуі - қалыпты жағдай. Және бұл
халықтың қолдауына ие болады. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз
мәслихатында философия ғылымдарының докторы Айдар Әбуов осындай пікірін
білдірді. Оның айтуынша, бұл жолы тізім айтарлықтай жаңарған. Яғни партияның
сайлауалды тізімінде білікті экономистер, заңгерлер, әйелдер мен қатар жастар да
көп.
Айдар Абуов, Мемлекеттік
басқару академиясының кафедра меңгерушісі, философия ғылымдарының докторы:
Мемлекетіміз сыртқы саясатында,
ішкі саясатында спорт пен өнерді тысқа қоймайды. Өнер адамы мәжілісте өнерді
қорғап жатса, өнердің болашағын қорғап жатса, жастарын қорғап жатса, соларға
көңіл бөлуді талап етіп отырса, бұл құба-құп, өте қолдайтын жағдай.
Айгүл
ӘДЕПБАЙ