$448.39 €486.91 ₽5.83
×

Электрондық білім беру жүйесіне көшкен ақтөбелік мектептердің компьютер сыныптары бір айдан бері жұмыссыз тұр

AstanaTV
19.02.2015ж. 20:00
898
Электрондық білім беру жүйесіне көшкен ақтөбелік мектептердің компьютер сыныптары бір айдан бері жұмыссыз тұр

Ақтөбеде электрондық білім беру жүйесіне көшкен мектептерде компьютер сыныптары тоқтап тұр. Оқушыларға ғаламтор арқылы дәріс беретін жүйе, интернеттен ажыратылғанына 1 ай болған. Электрондық баға алып келген оқушылар қайтадан дәстүрлі күнделіктерге көшкен. Мәселенің мәнісін әріптесім Мансұр Есхожин анықтауға тырысты. 

Электрондық білім беру жүйесі 2013 жылы Білім министрлігінің бастамасымен аймақта сынақ ретінде қолға алынған. Сол кезде облыс бойынша 48 оқу ордасына компьютерлік бағдарлама орнатылған. Қаражат та министрлік тарапынан бөлініп келген. Биылдан бастап мектептердегі электрондық оқыту жүйесінің шығынын жергілікті қазына көтеруі тиіс. Білім және ғылым министрлігінің бұл шешіміне облыстың шенеуніктері даяр болмаған сыңайлы. Себебі заман талабына сай келетін жүйе тоқтап, компьютерлерді шаң басып тұр.

Гүлбағда Сейіткамалова, Ақтөбе қалалық №30 орта мектеп директорының орынбасары:

Қашан іске қосылатынын біз білмейміз. Бір айдай болды тоқтағанына. Әзірше тоқтата тұрыңдар деді. Бізге осы электрондық оқыту жүйесі керек болатын шығар енді заман талабына сай. Электрондық оқыту жүйесі дегенде, мына моноблоктарда барлығы енгізілген. Кітапханасы бар мұғалімдер пайдалануға арналған. Электрондық оқулықтар бар.

Облыстық білім бөлімі болған жайтқа қанық. Олар қосымша қаражат көзін іздестіріп жатқанындарын айтады. "О баста орнатылған жоғары жылдамдықты байланыстан енді бас тартуға тура келуі мүмкін", - деді. Себебі шығын шаш етектен деп отыр.

Жанат Самұратова, Ақтөбе облыстық білім басқармасының жетекшісі:

Бүгін ғана біздің ақпараттандыру орталығымен кеңесіп, мәселені шешу жолдарын қарастырдық. Қалай болғанда да, министрлікпен бірігіп болсын, өзіміздің күшімізбен болсын, шешіледі деп ойлаймын. Әзірге нақты шығын көлемі айта алмаймын. Толық есептегеніміз жоқ. Бірақ ірі сома қажет болады. Шамамен жылына бір млрд теңгеден жұмсап отыруға тура келеді.

Бұл қаражат көлемі уақыт өте артпаса, кемитін түрі жоқ. Болашақта тағы 90-ға жуық білім ордасына электрондық білім беру жүйесін енгізу жоспарда бар көрінеді. Бірақ оның қашан жүзеге асатыны белгісіз. Себебі қолда бар құрылғылар ғаламтордан ажыратылып, қазір бос тұр.

Мансұр ЕСҚОЖИН 

orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах