Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Қазақстандық өнер өкілдері мен спорт саңлақтары «Қазақстанда жасалған» өнім алуға үндеді

AstanaTV
19.02.2015ж. 20:00
1010
Қазақстандық өнер өкілдері мен спорт саңлақтары «Қазақстанда жасалған» өнім алуға үндеді

Елге елеулі өнер өкілдері мен спорт саңлақтары тек отандық өнім алады. «Қазақстанда жасалған» деген ұранмен өткен акцияға бүгін белгілі актер, тележүргізуші Тұсынбек Қабатов пен «Барыс» хоккей командасының шабуылшысы Талғат Жайлауов қолдау көрсетті. «Нағыз ердің ойынында қайратты болу үшін, қазақстандық сүт өнімдері мен ет жеу керек», - дейді шабуылшы. Ал әзілкеш әртіс отандастарын жарқыраған жарнамаға алданбауға үндеді.

Тұрсынбек Қабатов, шоумен:

Өзіміздікі таңертен шығарылса, кешке дүкендердің сөрелерінде тұрады. Ал шет елден келгендер, сырттан келгендердің жарнамалары айғайлап тұрғанмен, ол бізге келгенше 10 күн, дүкендерге қойылғанша, тағы 10 күн, ол ол жерде тағы қанша күн тұрды, тағы білмейміз. Жарнамасына байланысты біз қызығып алып жатамыз. Ал өзіміздің отандық өнімдерді алатын болса, былай айтқанда «свежий» ғой. Сондықтан мен өз басым отандық өнімдерді қолдаймын.

Көңілді тапқырлар клубының кешегі белді актері, ресейлік достарының Қазақстаннан баратын базарлықты асыға күтетіндігін айтады. «Әрбір ойынға қалжыңмен қоса, қазақстандық өнімді арқалап баруға тура келетін», - дейді актер.

Тұрсынбек Қабатов, шоумен:

Кезінде Ресейге КВН-ге барып жүрген кезімізде бізді сол жақтың КВН-щиктері, басқа ұлттың өкілдері бізді кәдімгідей бүйтіп қарсы алатын. Бізге айтатын, қазақстандық өнім керемет деп. Мен оны ешқандай мақтап жатқаным жоқ, қосып жатқаным жоқ.

Райхан Аубекова:

Қазақстанда шыққан тағамдарды сатып алу керек деп біздің президентіміз айтып жатыр ғой. Ол кісінің айтып жатқаны өте дұрыс. Мүмкін, кейбір адамдар алмайтын да шығар, шеттікі жақсы деп, бірақ ол кісілер қателеседі.