Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай Атырауда да түрлі шаралар өтпек

AstanaTV
26.02.2015ж. 10:00
1218
Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай Атырауда да түрлі шаралар өтпек

«Этносаралық татулықтың теңдесіз үлгісін қалыптастырудағы Ұлт Көшбасшысының рөлі». Атырауда осындай атаумен Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған көшпелі брифинг өтті. Түрлі этнос өкілдері, «мемлекет басшысының бейбіт өмір үшін жүргізіп отырған саясаты, бүгінде ұлтаралық татулық пен этносаралық келісімнің үлгісі» - деді.

Елбасының тәуелсіз ел атанғаннан бастап, мемлекетіміздегі ұлттарды біріктіру, жұмылдыру бағытындағы еңбегінің көрінісі, ол - Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы болғанын тілге тиек етті.

Бүгінде Атырауда 17 этномәдени бірлестік бар. Аймақтағы Хәлел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті жанынан, Ассамблеяның институты ашылған. Саяси институт толеранттықты одан әрі нығайтатын орталыққа айналуы тиіс.

Ал Ассамблеяның 20 жылдық мерекесі аясында облыста түрлі шаралар ұйымдастырылу көзделіп отыр. Бұл тойдың мәні де мақсаты да - бірлікті нығайту болмақ.

Александр Думлер, «Видергебурт» неміс этномәдени бірлестігінің жетекшісі, Атырау облыстық мәслихатының депутаты:

Елбасының Ассамблея құрудағы еңбегін айтқан кезде біз мынаны естен шығармаймыз. Ассамлея құрылмай тұрып, мемлекеттігіміздің таңы атарда Президент ұлтаралық қоғамды қалыптастыруда алдымен саясатты анықтап алды. Бұл - заң алдындағы баршамыздың құқықтық теңдігіміз. Егеменді елімізде күні бүгінге дейін бұл саясат өзгерген жоқ.

Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ