Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Кен игереміз деп келісімге келген бірқатар мекемелер қол қусырып отыр

AstanaTV
26.02.2015ж. 10:00
774
Кен игереміз деп келісімге келген бірқатар мекемелер қол қусырып отыр

Кен игереміз деп келісімге келген бірқатар мекемелер қол қусырып отыр. Ақтөбе облысының әкімі Архимед Мұхамбетов: «жауапкершілігі төмен инвесторлардан арылу қажет»,- деді. Өңір басшысы халыққа есеп беру жиынында «жаңадан зауыт-фабрика ашуға уәде берсе де, біраз жылдан бері ауызды құр шөппен сүртіп келе жатқан кәсіпорындар бар» екенін айтты.

«Мысалы «Юбилейное» серіктестігі алтын қорын игеру фабрикасын ашып, мың адамды жұмыспен қамтамасыз етуі керек болатын. Бірақ ол уәде орындалмады»-деді өңір басшысы. Минералды тыңайтқыштар шығаратын зауыт құрылысын мойнына алған «Шилісай химикалс» серіктестігі де сертінен тайған көрінеді.

Облыс басшысы аталған мекемелермен келісім шартты бұзып, басқа инвесторлар тарту қажеттігін айтты.

Архимед Мұхамбетов, Ақтөбе облысының әкімі:

Заман өзгеруде. Біз біраз күттік. Жағдайларын да түсіндік. Талай көмектестік те, инфроқұрылым жағынан. Бірақ уақыт өтті. Қазір солардың кесірінен үлкен қорымызды жоғалтып отырмыз. Осы жобаларда мыңға жуық жұмыс орны ашылуы тиіс еді. Сондықтан жаңадан шешім қабылдайтын боламыз.

Мақсут ЕСХОЖИН