$457.29 €490.35 ₽5.97
×

АҚШ «Украинада құлаған Boeing 777 ұшағына қатысты өздеріне тиімсіз ақпаратты жасырды», - деген күдік бар

AstanaTV
16.03.2015ж. 10:00
753
АҚШ «Украинада құлаған Boeing 777 ұшағына қатысты өздеріне тиімсіз ақпаратты жасырды», - деген күдік бар

«АҚШ Украинада құлаған Boeing-ке қатысты өздеріне тиімсіз ақпаратты жасырған». Бірқатар шетелдік ақпарат құралдары осылай деп күдіктенеді. Құрама Штаттардың барлау қауымдастығындағы ақпарат көздері, көптеген сарапшылар пікірі малайзиялық ұшақты Украина әскерінің радикалдары атып түсірді деген болжамға саятынын айтады.

Бұл туралы РИА Новости америкалық журналист Роберт Перриге сілтеме жасап жазды. Америкалық барлау қызметтерінің ресми қорытындысы 2014- жылдың 22 шілдесінде жасалған алғашқы баяндамадан бері еш өзгермеген.

Журналистің сөзінше, ресми Вашингтонның ұшаққа қатысты жер серіктерінен келіп түскен хабарламаларын зерттеуге жететіндей уақыт өтті. Алайда, Обама әкімшілігі асығыс жасалған қорытындыларын өзгертер емес.

Журналист сондай-ақ,
«егер жауапты шенеуніктер алғашқы баяндамасындағы деректерін өзгертсе, өздерін ыңғайсыз жағдайда қалдырады», - дейді. Еске салайық, Boeing 777 ұшағы өткен жылдың 17 шілдесінде Донецк облысы аумағында құлады. Әуе кемесіндегі 298 адамның барлығы көз жұмды.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ

 



orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах