$499.51 €525.83 ₽4.62
×

Сайлауалды кезеңде халық арасында үш әлеуметтiк сауалнама жүргiзіледі

AstanaTV
17.03.2015ж. 20:00
1282
Сайлауалды кезеңде халық арасында үш әлеуметтiк сауалнама жүргiзіледі

«Демократия институты» ғылыми-зерттеу қауымдастығы сайлауалды кезеңде қазақстандықтар арасында үш әлеуметтiк сауалнама жүргiзеді. Бұл туралы бүгiн Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен жиында институт директоры Юлия Кучинская мәлiмдеді. 

Юлия Кучинская, «Демократия институты» ғылыми-зерттеу қауымдастығының директоры:

Сайлауалды кезеңде қоғамдық пiкiрге мониторинг жасау үш сатыда жүргiзiледi. Бірінші кезең наурыздың 15- і мен 25 -і аралығында жүреді. Екінші кезең сәуірдің 1-і мен 7-сі аралығында, ал зерттеудің үшінші кезеңі 10 сәуірде басталып, он сегізінде аяқталады. Бұл зерттеулердiң нәтижесiн жұртшылыққа жариялаймыз.

Үш сауалнамаға да Қазақстанның барлық өңiрлерi мен Астана, Алматы қалаларынан 2000 респондент қатысады. «Бұған қоса, сайлау күнi дауыс беру учаскелерiнен шыққан сайлаушылар арасында да сауалнама жүргiзiледі»,-деді Кучинская. Сондай-ақ, ол институттың бұған дейiнгi әлеуметтiк зерттеулерінiң қорытындысы - елдегi қоғамдық-саяси жағдайдың қалыпты екендігін көрсетеді деді. 92,7 пайыз қазақстандық мемлекеттiк саясатты қолдайды. «Жалпы, бүгiнгi тұрмысына көңiлi толатын азаматтарлың үлесi 81,8 пайызға жуықтайды», - деп атап өтті. Айта кетейiк, президент сайлауы кезiнде электоралдық науқанға мониторинг жүргізу «Қазақстан азаматтық Альянсының» тапсырысы бойынша жүргізіледі.

Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ