Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Ресейге қарсы Австралия санкциялары күшіне енді

AstanaTV
31.03.2015ж. 13:00
813
Ресейге қарсы Австралия санкциялары күшіне енді

Австралияның Ресейге қарсы былтыр қыркүйекте салған санкциялары күшіне енді. Бұл туралы елдің Сыртқы істер министрі Джули Бишоп мәлімдеді. Оған сәйкес енді Ресейге қару-жарақ пен қосалқы бөлшектерді экспорттауға тыйым салынды.

Сондай ақ, мұнай өндіру қондырғыларын, Қырым мен Севастопольге энергия саласына қажетті құрылғыларды импорттауға шектеу қойылды. Кейбір Ресей компаниялары қаржылай қолдаудан да қағылмақ.

Оған қоса, Қырым мен Севастополге Австралиядан инвестиция тартуға рұқсат жоқ. Ол инфрақұрылым, көлік, телекоммуникация, энергетика, мұнай-газ салаларын қамтиды. Ал Австралияның «қара тізіміне» 63 ресейлік және украиналық азамат ілікті.

Мөлдір ДЮСЕКИНА

Алдыңғы жаңалық