Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Канадалық шаруалар қазақстандық асыл тұқымды ірі қараға қызығушылық танытты

AstanaTV
31.03.2016ж. 20:00
2164
Канадалық шаруалар қазақстандық асыл тұқымды ірі қараға қызығушылық танытты

Канадалықтар Қазақстандағы асыл тұқымды ірі қараға қызығушылық танытып отыр. Бүгін олар Ақтөбедегі жергілікті шаруалармен кездесіп, екіжақты әріптестік мәселесін көтерді. Канадалықтар  еліміздегі мал шаруашылығындағы шығынды азайтып, төл басын неғұрлым көбейту жолдарын ұсынды. Канадада, мәселен, 1 200 бас малы бар шаруашылықты 2 адам ғана жүргізеді. Жүйе толығымен автоматтандырылған. Көбіне ірі қараның аса күтімді қажет етпейтін тұқымы таңдалып алынады екен. Мұхит асып жеткен Алан Томпсон, бұл талапқа Ақтөбедегі Әулиекөл тұқымы жақсы келетінін, сондықтан оған қызығып отырғандарын айтты.

Менің ойымша, сиырдың бұл тұқымы Канаданың ауа-райына тез үйренеді. Өйткені екі елдің климаттық жағдайы ұқсас. Тіпті бізде жайлылау да болады. Ал, Канадаға жеткізуде ешқандай қиындық тумайды деп ойлаймын.

Бірақ Алан Томсон мырза нақты қанша ірі қара алғысы келетінін ашып айтпады. Естеріңізге сала кетсек, өткен жылы Ресей азаматы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтан Әулиекөл тұқымынан ірі қараны сыйлыққа алған болатын. Астрахань облысында сиыр өсірумен айналысатын Руслан Таспеков қазақтың Әулиекөл тұқымымен будандастыруға бел буып, өтініш хат жазған. Көп ұзамай Ақтөбе облысындағы жайылымнан 2 бұқа сыйға тартылды.

Мансұр ЕСҚОЖИН