Нұрсұлтан
Назарбаевты сайлаудағы  жеңісімен Иран
Ислам Республикасының Президенті Хасан Рухани құттықтады. Бұл туралы Иранның
Қазақстандағы Елшілігінен хабарлады,-деп жазады Қазақпарат.
«Аса
мәртебелі Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев мырза! Сізді Қазақстан Республикасының
Президенті болып қайта сайлануыңызбен құттықтаймын! Бұл таңдау Иран  мен Қазақстанның  екі жақты қарым-қатынастар аясында
жоспарланған бағдарламаларды жүзеге асыруына 
жақсы мүмкіндік жасайды. Жаратушы Иемізден Сізге мықты денсаулық пен зор
жетістіктер тілеймін !» - деп жазылған құттықтауда.
Базаргүл
ОТЫНШИЕВА