$474.72 €515.17 ₽5.58
×

Оралда тағам өнімдерінің сапасы талапқа сай емес

AstanaTV
03.06.2015ж. 10:00
1081
Оралда тағам өнімдерінің сапасы талапқа сай емес

Оралда дүкен сөрелеріндегі ет, сүт, құс және балық өнімдерінің сапасы талапқа сай емес. Бұл туралы Батыс Қазақстан облыстық тұтынушылар құқын қорғау департаментінен хабарлады. Құзырлы мекеме мамандары қаладағы 15 дүкендегі 86 тауар түрін тексеріп, олардың жетпіс алтысы Кедендік Одақтың техникалық регламентіне сай еместігін анықтапты. Бұл аздай, шұжық өнімдерінде натрий нитритының мөлшерден көп екендігі, құс етінің бұзылып, иістенгені анықталған. Тексеріс кезінде департамент мамандары негізінен ескерту жасаумен шектелді. Өрескел деген 6 әкімшілік іс сотқа жолданды. Заңды белшеден басқан тағы бір дүкенге 200 мың теңге айыппұл салынған.

Мұхаммед Арыспаев, БҚО Тұтынушылар құқын қорғау департаментінің басшысы:

Әсіресе, облыстағы үлкен-үлкен кәсіпкерлер әкелетін, солардың айтатын бір әңгімесі сол: біздер осы техрегламентті білмей қалдық, ұмытып кетіппіз, бізге сатқанда ана сертификаттарының бәрін көрсетті, ол техрегламенттің маркировкасына, қазақша жазылуына көп мән бермеп едік, келесі жолы осындай кемшіліктерді болдырмауға тырысамыз деген сияқты әңгіме айтады.

Еркін КАРИН