$498.55 €524.28 ₽4.75
×

Астанада өтетін Түркі кеңесін құрушы елдердің саммитінде Түркі әлемінің ортақ ақпараттық кеңістігін қалыптастыру мәселесі қарастырылады

AstanaTV
23.06.2015ж. 20:00
1323
Астанада өтетін Түркі кеңесін құрушы елдердің саммитінде Түркі әлемінің ортақ ақпараттық кеңістігін қалыптастыру мәселесі қарастырылады

Түркі әлемінің ортақ ақпараттық кеңістігін қалыптастыру түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастығын нығайтып, халықтарды жақындастырып, ортақ мәдениет пен өркениет қалыптастыруға ықпалын тигізеді. Халықаралық Түркі академиясы ұйымдастырған «Түркі әлемі және ақпараттық кеңістік» атты дөңгелек үстел барысында бүгін осы бастама сөз болды.

Еске салсақ, Түркияның Бодрум қаласында 2014 жылғы 5 маусымда өткен Түркі Кеңесінің ІV саммитінде түркі әлемінің ортақ ақпараттық кеңістігін қалыптастыру жөніндегі бастаманы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев көтерген болатын.

Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлінің айтуынша, қазіргі таңда түркі әлеміндегі интеграцияның концепциясы әзірленуде. «Оған еліміздің жоғарғы оқу орындарының білікті профессорлары, журналистер қауымы қатысып, ой бөлісіп, пайымды пікірлерін ұсынуда. Биыл Астанада өтетін Түркі кеңесін құрушы елдер басшылары саммитінде аталған мәселе қарастырылады», - дейді ұйымдастырушылар. 

Дархан Қыдырәлі, Халықаралық Түркі академиясының президенті:

Былтырғы саммитте Қазақстан Президенті Түркі әлеміне ортақ телеарна қосу мәселесі және ақпараттық кеңістік жайында сөз қозғаған болатын. Бізде бүгін мына бұқаралық ақпарат құралдары күніне сәйкес, осы ортақ телеарна болуы мүмкін бе, қандай форматта болуы мүмкін, түркі әлеміндегі ақпараттық кеңістік, оның жай-күйі. Және де бүгін дөңгелек үстел ұйымдастырып отырмыз. Оған еліміздің белді басылымдары мен телеарналардың басшылары келіп отыр.  

Жұрағат БАМАН