Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Астанада 7 жасар бала менингитке шалдықты

AstanaTV
16.10.2018ж. 20:00
2834
Астанада 7 жасар бала менингитке шалдықты

Астанада 7 жасар бала менингит вирусына шалдықты. Бұл ақпаратты Қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі растады. Қазіргі таңда жасөспірім инфекциялық ауруханаға жатқызылған. Дәрігерлер науқастың жағдайы тұрақты деп бағалап отыр. Мамандар вирусты менингит бактериялық менингитке қарағанда қауіпті емес,-дейді. Биыл Астанада 199 адам вирусты менингитке шалдыққанымен, барлығы сауығып кеткен. 

Әйгерім АРДАҚ, АСТАНА ҚАЛАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ: 

12 қазан күні Астананың балалар инфекциялық ауруханасына вирусты «менингит» диагнозымен 2011 жылы туған бала түсті. Стационарға түскеннен кейін баланы аурухананың инфекционистері қарап, ол «нейроинфекция» бөлімшесіне жатқызылды. Қазіргі таңда жағдайы асқынбай, тұрақты деп бағаланып отыр. Денсаулығының жақсаратыны болжанып отыр. Оның ендігі жағдайы уақтылы медициналық көмек көрсету мен дұрыс емдеуге байланысты.

Д. Сапарқызы